Қауіпсіздік нұсқаулары
Қауіпсіздік нұсқаулары
Өнімді қауіпсіз пайдалану үшін осы нұсқауларды оқығаныңызға көз
•
жеткізіңіз.
Өнімді пайдаланушы жарақат алмауы немесе басқаларға зиян
•
келмеуі үшін мына нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ
•
Өнімге тек осы нұсқаулықта көрсетілген қуат көзін
пайдаланыңыз.
•
Өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз.
•
Өнімнің қатты шайқалуына немесе дірілдеуіне жол бермеңіз.
•
Кез келген ішкі бөліктерді қолмен ұстамаңыз.
•
Түтін немесе əдеттен тыс иіс шығуы сияқты, кез келген жағдайда
өнімді пайдалануды тоқтатыңыз.
•
Өнімді спирт, бензин немесе бояу еріткіші сияқты органикалық
еріткіштермен тазалауға болмайды.
•
Өнімді суға салмаңыз. Өнімнің ішіне бөгде заттарды салмаңыз
немесе сұйықтықтарды құймаңыз.
•
Өнімді тұтанатын газдар болуы мүмкін жерде пайдаланбаңыз.
Бұл электр тогының соғуына, жарылуға немесе өртке себеп болуы
мүмкін.
•
Найзағай кезінде қуат розеткасына қосылған өнімге тимеңіз.
Бұл ток соғуды тудыруы мүмкін.
•
Қуат ашасынан жəне қуат розеткасынан жиналған барлық шаңды
құрғақ шүберекпен мерзімді түрде сүртіп тұрыңыз.
•
Өнімді ылғал қолмен қоспаңыз немесе ажыратпаңыз.
•
Қуат ашасы қуат розеткасына толық кіргізілмесе, өнімді
пайдаланбаңыз.
•
Қуат ашасын жəне терминалдарды шаңға қалдырмаңыз немесе
оларға металл істіктерге немесе басқа металл заттарға тигізбеңіз.
•
Қуат сымына ауыр заттар қоймаңыз. Қуат сымын зақымдамаңыз,
сындырмаңыз немесе өзгертпеңіз.
•
Өнімді пайдалану барысында немесе пайдаланғаннан кейін
шүберекке немесе басқа материалдарға орамаңыз.
•
Өнімді қуат көзіне ұзақ уақыт бойы қосулы күйінде
қалдырмаңыз.
•
Өнімді 5–40 °C аралығынан тыс температураларда қуаттауға
болмайды.
Бұл электр тогының соғуына, жарылуға немесе өртке себеп болуы
мүмкін.
2
Ауыр жарақат алу немесе өлу қаупі бар екенін білдіреді.